Жолаушыны көлігінің капотына отырғызып алған жүргізуші жауапқа тартылды

Капоттағы сапар: Семейдегі хайптың соңы айыппұлмен аяқталды.

21 Шілде 2026, 20:50
АВТОР
 Абай облысының ПД баспасөз қызметі 21 Шілде 2026, 20:50
21 Шілде 2026, 20:50
140
Фото: Абай облысының ПД баспасөз қызметі

Семейде жолаушы автокөліктің капотында жүрген. Полиция жүргізуші мен жолаушыны жауапкершілікке тартты.

Оқиға 14 шілдеде Қарағайлы шағын ауданында болған. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер «Toyota RAV4» маркалы қозғалыстағы автокөліктің капотында жолаушының отырған бейнежазбасын көрген.

Қатысушылардың жеке басы жедел анықталды.

Көлік тізгінінде қаланың 22 жастағы тұрғыны болған. Ол жолаушыны көлік құралының кабинесінен (салонынан) тыс тасымалдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ жол жүрісі қағидаларының талаптарын бұзып, қозғалыс кезінде автокөліктің капотында болған 24 жастағы жолаушы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады Абай облысының ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Астанада қарсы қозғалыс жолағына шыққан жүргізуші жауапқа тартылды.

Наверх