«Себебі айтыла жатар». Айымбетов құрама бапкерінің шешімі жайлы айтты

22 Қараша 2023, 11:37
9612
Бөлісу:
«Себебі айтыла жатар». Айымбетов құрама бапкерінің шешімі жайлы айтты
Фото: BAQ.KZ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Словенияда өткен ойыннан кейін елге оралды. Әуежайдан футболшыларды жанкүйерлер ыстық ықыласпен қарсы алды. Осы орайда ұлттық құраманың шабуылшысы Абат Айымбетовтің ойын жайлы пікірін біліп, сұхбаттасып үлгерген едік , деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

-  Словенияға қарсы ойын туралы айтсаңыз?

-  Словенияға қарсы іріктеу ойынында тарих жасауға мүмкіндік болған. Бірақ болмады. Соның өзінде қуаныштымын! Осылай балалардың сенімін арттырды. Халықтың футболға деген қызығушылығы оянды.

-  Cізді бапкер ойынның аяқталуына 1 минут қалғанда шығарды. Өкініш жоқ па?

-  Енді ұтылғаннан кейін әртүрлі нәрсе айтыла береді. Белгілі бір себептер бар. Естілер, айтылар. Футбол болғаннан кейін проблемалар болады. Бірақ мен дайын болғанмын.

-  Неге шығармай қойды?

-  Бапкердің өз білгені болған шығар. Сол үшін бұл жерде ешқандай өкініш жоқ. Тек қана қолдаймыз. Өзінің тактикасы болды. Өкінетін ештеңесі жоқ. Тек қана алға! Алда Ұлттар лигасы келе жатыр. Екінші мүмкіндік деп айтар едім. Барымызды салып ойнаймыз.

- Жанкүйерлерге не дейсіз?

Қолдағандарыңыз үшін рахмет! Қуаныштымыз! Ұтылып қалғанымыз өкінішті. Бұл басы деп ойлаймын. Енді әрі қарай тек жақсы жеңістермен қуанта береміз деген ойдамын. Жігіттер 2 жылдың ішінде керемет нәтже көрсетті. Енді тоқтап қалмай жалғастырамыз. Жарқырайтын кез әлі алда. Жанкүйер болыңыздар. Сеніңіздер!

-Сұхбат бергеніңізге рахмет!  

Еске салсақ, кеше Ұлттық құрама елге оралып, жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері күтіп алған болатын. Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысы аясында Словения мен Қазақстан ойыны өтіп, Қазақстан құрамасы Словенияға жол берген еді.

 

Өзгелердің жаңалығы