Желіде Берденовке шабуыл жасалған жерден видео тарады

21 Сәуір 2025, 23:17
2296
Бөлісу:
Желіде Берденовке шабуыл жасалған жерден видео тарады
Фото: скрин

Желіде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке шабуыл жасалды деген оқиға орнынан түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кадрларда қалалық әкімдіктің ғимараты көрсетілген. Полицияның мәліметінше, Руслан Берденовке қарулы шабуыл дәл осы жерде жасалған.

Бұған дейін Руслан Берденов оқ жарақатын алғаны хабарланған болатын. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол ауруханаға жеткізілді, ал шабуыл жасаған адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі Берденовке ота жасалып жатқанын растады. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сілтеме жасап хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы