Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалды

21 Сәуір 2025, 22:57
1514
Бөлісу:
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалды
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

2025 жылдың 21 сәуірінде бірнеше рет атылған қарудан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары жараланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға кешкі сағат 20:30 шамасында қалалық әкімшілік ғимаратының жанында болған.

Салдарынан ол жамбасы мен иығынан оқ жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр, – деді полиция департаментінен.

Өзгелердің жаңалығы