Қызылордада қаржы пирамидасын ұйымдастырған азамат 5 жылға сотталды

Ол салымшыларға күніне 735 мың теңгеге дейін табыс түсетінін уәде еткен.

Бүгiн 2026, 10:26
АВТОР
 istockphoto.com Бүгiн 2026, 10:26
Бүгiн 2026, 10:26
171
Фото: istockphoto.com

Қызылорда қаласында «WornerBros» атауымен жұмыс істеген қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы сот үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тергеу мәліметінше, күдікті азаматтарды «WornerBros» платформасы арқылы қысқа бейнероликтер мен фильмдерді көріп, табыс табуға болады деген желеумен жүйеге тартқан. Қатысушылардан құны 10 мың теңгеден 11 миллион теңгеге дейін жететін VIP-пакеттер сатып алу талап етілген.

Ұйымдастырушылар салымшыларға күніне 735 мың теңгеге дейін табыс түсетінін уәде еткен. Сондай-ақ жаңа қатысушыларды рефералдық сілтемелер арқылы тартқаны үшін қосымша бонустар төленіп отырған.

Тергеу барысында қаржы пирамидасын насихаттау үшін WhatsApp топтары мен әлеуметтік желілердегі жарнамалар пайдаланылғаны анықталды. Сонымен қатар салымшылардың қаражатын жинау және аудару үшін қолданылған криптоәмияндар да белгілі болды.

Сот шешімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұдан бөлек, оның иелігіндегі 3 миллион USDT көлеміндегі криптоактивтер тәркіленді, - дейді өңірлік Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Іс бойынша 24 жәбірленушінің азаматтық талап-арыздары қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Бұған дейін Шымкенттегі қаржы пирамидасына 900 адам кіріп кеткені жайлы жазған едік.

Тағы оқи отырыңыз: 1,5 мың адамды алдаған тағы бір қаржы пирамидасы әшкереленді 

Қаржылық пирамидалардан құтылудың жолы қандай? 

Наверх