Астанада тұрғын үйден өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды

Құтқарылғандардың арасында 7 бала бар.

 Скриншот 8 Қараша 2026, 08:25
8 Қараша 2026, 08:25
198
Фото: Скриншот

Астананың Алматы ауданындағы Р. Қошқарбаев даңғылында орналасқан алты қабатты тұрғын үйдің бірінде өрт шықты.

Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері бесінші қабаттағы пәтерде үй заттары жанып жатқанын анықтады.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар 25 адамды, оның ішінде 7 баланы аман алып шықты. Тілсіз жау толықтай сөндірілді.

Наверх