Қырғызстанда президенттікке кандидаттарды ұсыну аяқталды

13 Қараша 2026, 12:49
АВТОР
 https://shailoo.gov.kg/ru 13 Қараша 2026, 12:49
13 Қараша 2026, 12:49
175
Фото: https://shailoo.gov.kg/ru

Қырғызстанда президенттікке кандидаттарды ұсыну 13 қарашада аяқталды. Республиканың Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мәліметінше, алдын ала қорытынды бойынша елдің басты мемлекеттік лауазымына 11 адам үміткер болып отыр, деп хабарлайды ведомствоның жарияланымына сілтеме жасаған BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта Қырғызстанда кандидаттарды қолдау мақсатында сайлаушылардың электронды қолдарын жинау жалғасуда. Бұл науқан 2026 жылдың 8 желтоқсанына дейін жалғасады.

«Заңнамаға сәйкес, тіркелу үшін әрбір кандидат кемінде 30 мың сайлаушының қолын жинауы тиіс. Тіркеуге қажетті құжаттарды қабылдау 2026 жылдың 13 желтоқсанына дейін жалғасады. Кандидаттар мен олардың уәкілетті өкілдері белгіленген тәртіппен жетіспейтін құжаттарды ұсынуға құқылы», – деп хабарлады Қырғызстанның ОСК баспасөз қызметі.

https://shailoo.gov.kg/ru

Кандидаттарды тіркеу жұмыстары осы жылдың 23 желтоқсанына дейін жүргізіледі.

Айта кетейік, Қырғызстандағы президент сайлауы 2027 жылдың 27 қаңтарына белгіленген. Жапаровтың өзі тамыз айында сайлауға түсуге ниетті екенін хабарлаған болатын.

Сондай-ақ, 12 қарашада Қырғызстан президенті Садыр Жапаров сайлау алдында республикадағы саясаткерлер қырғыздар мен өзбектерді бір-біріне қалай айдап салу жолдарын талқылап жатқанын мәлімдеп, үндеу жасады. 

Наверх