Құтқарушы көз жасын тыя алмады: Үш тәулік үйінді астында жатқан сәби бесікті денесімен жапқан анасының арқасында тірі қалған

10 Ақпан 2023, 09:13
20694
Бөлісу:
Құтқарушы көз жасын тыя алмады: Үш тәулік үйінді астында жатқан сәби бесікті денесімен жапқан анасының арқасында тірі қалған
Фото: Бейнежазбадан скриншот: www.tgrthaber.com

Түркияның Хатай провинциясында зілзаладан соң құтқару жұмыстары кезінде үйінді астында 72 сағат бойы жатқан сәби құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі түркиялық TGRT Haber сайтына сілтеме жасап. 

Сәби өзін денесімен жауып қаза тапқан анасының арқасында тірі қалған. Балақайды үйінді астынан алып шыққан құтқарушы көз жасын тоқтата алмады. Бөбектің өмірін бесігіне түскен күшті денесімен көтерген анасы құтқарған. Алайда өкінішке қарай, сәбидің отбасы апат кезінде қаза тапты.

Белгілі болғандай, Хатай провинциясындағы құтқару-іздестіру жұмыстары кезінде зілзаладан құлаған үйлердің үйіндісі астынан баланың жылаған дауысы шыққан. 

Аднан есімді балақай жер сілкінісінен кейін үйінді астында 72 сағат бойы жатқан. Сәби аман-есен. Алайда апат салдарынан бүтіндей отбасы: ата-анасы, екі ағасы мен екі әпкесі қаза тапты. Бөбек ерлікпен баласының бесігіне түскен бүкіл күшке өз денесін тосқан анасының арқасында ғана тірі қалған, - деп жазды түркиялық басылым.

Еске сала кетейік, Түркияда 6 ақпанда жойқын жер сілкінісі орын алды.

Жер сілкінісі Кахраманмараш провинциясының Пазарджик аймағында жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де 7 шақырым тереңдікте болған. Жерасты дүмпулері одан кейін жарты сағат бойы әртүрлі аймақта – Адана, Анкара, Анталия, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Шанлыурфада сезілген.

Түркия парламенті орын алған табиғи апатқа байланысты төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешім қабылданды. ТЖ режимі 8 ақпаннан бастап елдің он провинциясында 90 күнге енгізілді.

Өзгелердің жаңалығы