Қостанай облысында су тасқынына байланысты жедел штаб құрылды

4 Сәуір 2023, 19:01
627
Бөлісу:
Қостанай облысында су тасқынына байланысты жедел штаб құрылды
Фото: Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі

4 сәуірде таңертең қарқынды еруі салдарынан Қарасу ауданындағы Тімтуір өзені арнасынан асты, деп хабарлайды BAQ.KZ Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысының Карамырза ауылында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу жалғасуда. 552 адам тұратын ауыл тұрғындарына су тасқыны қаупі туралы алдын ала хабарланды.

Қостанай облысында су тасқынына байланысты жедел штаб құрылды

Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу барысында су басу аймағынан 15 адам эвакуацияланды, олар туыстарының үйлеріне орналастырылды, ірі және ұсақ мал қауіпсіз жерлерге айдалды.

Тімтуір өзеніне жақын жерде тұратын халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ауыл әкімдігінің ғимаратында аудан әкімінің басшылығымен жедел штаб құрылды. Департамент қызметкерлері қажет болған жағдайда халыққа, оның ішінде психологиялық көмек көрсету үшін аулаларды аралау жұмыстарын ұйымдастырды. ТЖ департаментінде жедел желі телефоны ашылды: 8 714 2 50 36 24, - делінген ведомсто хабарламасында.

Қостанай облысында су тасқынына байланысты жедел штаб құрылды

Оқиға орнындағы жұмыстарға ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың және полицияның күштері мен құралдарынан 36 адам және жүзу құралдарын, мотопомпаларды, дронды қоса алғанда 31 бірлік техника жұмылдырылды.

Қазір жағдай бақылауда.

Өзгелердің жаңалығы