Қостанай облысында қызғаныш қасіретке ұласты: Әйелін ұрып өлтірген ер адам сотталды

Аяусыз соққыға жығылған жәбірленуші жабық бас-ми жарақатын және ішкі ағзаларының зақымдануын алып, оқиға орнында көз жұмған.

Бүгiн 2026, 19:57
АВТОР
 pexels.com Бүгiн 2026, 19:57
Бүгiн 2026, 19:57
123
Фото: pexels.com

Қостанай облысында қызғаныштан бірге тұратын әйелін өлімші етіп сабаған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Іс Мендіқара аудандық сотында қаралған. Сот материалдарына сәйкес, қайғылы оқиға 2026 жылғы 3 қаңтар күні Ұзынкөл ауданына қарасты Троебратское ауылында болған.

Айыпталушы мас күйінде қызғаныштан жанжал шығарып, бірге тұратын әйеліне денесінің өмірлік маңызды тұстарына бірнеше рет соққы жасаған.

Салдарынан жәбірленуші жабық бас-ми жарақатын және ішкі ағзаларының зақымдануын алып, оқиға орнында көз жұмған.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Алайда сот айыпталушының кінәсін толық мойындауын, өкінуін және кәмелетке толмаған балаларының болуын жеңілдететін жағдай ретінде ескерді. Сонымен қатар қылмыстың алкогольдік масаң күйде жасалуы ауырлататын мән-жай ретінде танылды.

Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Алматыда 19 жастағы жігітті топ болып аяусыз соққыға жыққаны хабарланған болатын.

Тағы оқи отырыңыздар: Зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан ер адам: Бұрын кісі өлтіру ісі бойынша сотталғаны белгілі болды 

Алматы облысында туған әкесін аяусыз ұрып өлтірген ер адамға үкім шықты 

Ақтөбедегі 4 адам қаза тапқан жантүршігерлік жол апаты: Жүргізуші 21,6 млн теңге төлейді 

Наверх