Ақнәр ісі бойынша ешбір қыз күдікті ретінде танылмаған – ІІМ

Басты сұрақтарға ІІМ түсініктеме берді.

Бүгiн 2026, 14:46
АВТОР
 әлеуметтік желі Бүгiн 2026, 14:46
Бүгiн 2026, 14:46
385
Фото: әлеуметтік желі

Ішкі істер министрлігінің орынбасары Санжар Әділов Ақнәр Хамиттің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатырғанын және іс материалдары Қытай Халық Республикасына жолданғанын айтты. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қылмыстық іс ІІМ Тергеу департаментінің өндірісінде жатыр. Алматы қаласына аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші іссапармен жіберілген.

Сараптама нәтижелері мен қылмыстық істің бірқатар материалдары халықаралық тергеу тапсырмасы аясында Қытай Халық Республикасына жолданды. Қазір Қытай тарапынан нәтижелер күтілуде, – деді ол.

Сондай-ақ Санжар Әділов іс бойынша Ақнәрдың жанында болған қыздардың ешқайсысы күдікті ретінде танылмағанын айтты.

Осы іс бойынша оның жанында болған қыздардың ешқайсысы күдікті ретінде танылған жоқ. Тергеу қолданыстағы қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес жалғасып жатыр, – деді министрдің орынбасары.

Еске салайық, бойжеткен былтыр Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінің жетінші қабатынан құлап қаза тапқан еді.

Наверх