Қорғалжын қорығындағы өрт сөндірілді

19 Маусым 2023, 12:29
1237
Бөлісу:
Қорғалжын қорығындағы өрт сөндірілді
Фото: Ақмола облысы ТЖД

Қорғалжын ауданы Сарыкөл көліндегі қамыстың өртенуі жойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін, 19 маусымда 6:40-та «Қорғалжын қорығы» мемлекеттік табиғи паркінің аумағындағы Сарыкөл көлі ауданындағы қамыстың өртенуі жойылды. Өрттің жалпы ауданы 150 га.

Өрт сөндірушілер желдің күшеюіне байланысты қиын жағдайларда, сондай-ақ сулы-батпақты жерлерде өртпен күресті. Өрт техникасының өтудің қиындығына байланысты сөндіру әуеден жүзеге асырылды. Өрттің дала массивіне таралуына жол бермеу үшін қарауылдау жүргізілді, - делінген Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Өртті жоюға мемлекеттік ұлттық саябақ қызметкерлері, Ақмола облысы ТЖД және Астана қаласы ТЖД 23 техника мен 78 адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 2 тікұшағы жұмылдырылды. Жануды жоюдың барлық кезеңінде көлемі 600 тоннадан астам болатын 202 рет су ағызу жүзеге асырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 14 маусымда Сарыкөл көлі ауданында «Қорғалжын қорығы» мемлекеттік табиғи паркінің аумағында қамыс өртеніп кеткен болатын. Жергілікті жерде Қорғалжын ауданының әкімі Берік Жанбаев пен ТЖ департаментінің бастығы Нұрлан Атығаевтың басшылығымен жедел штаб құрылған.

Өзгелердің жаңалығы