Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Семей мен Өскемендегі ЖЭО-ны кім салатыны белгілі болды

Бүгiн, 11:49
254
Бөлісу:
 BAQ.KZ архиві
Фото: BAQ.KZ архиві

Қазақстан елдің шығысында жылу электр орталығын өз күшімен салуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Көкшетаудағы ЖЭО құрылысына дайындық жұмыстары өткен күзде басталған. Қазіргі уақытта алаңды әзірлеу және жер қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған жобаны «Самұрық-Энерго» компаниясы іске асыруда.

Қалған екі ЖЭО-ға қатысты айтар болсақ, бүгінгі күнге дейін Ресей Федерациясынан жеңілдетілген қаржыландыру жөнінде нақты жауап алған жоқпыз. Бұл мәселе қазақстандық тараптан қолайлы сәттерде көтеріліп келеді. Алайда әзірге Ресей тарапынан мемлекетаралық жеңілдетілген несие бойынша нақты шешім жоқ. Егер алдағы уақытта жағдай осы күйінде сақталатын болса, Қазақстанға бұл жобаларды өз күшімен жүзеге асыруға тура келеді, – деді Ерлан Ақкенженов.

Бұған дейін Қазақстанда Ресейдің қатысуымен Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында үш жаңа ЖЭО салу жоспарланғаны хабарланған болатын. Алайда кейінірек бұл жобаларды елдің өзі жүзеге асыратыны белгілі болды. Қазіргі таңда Көкшетаудағы ЖЭО құрылысы белсенді кезеңге өткен.

Өзгелердің жаңалығы