Қазақстан құрамасы су добынан әлем чемпионатында Уругвайды 22:5 есебімен ойсырата жеңді

Жасөспірімдер құрамасы Уругвайды ірі есеппен жеңіп, әлем чемпионатындағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Келесі қарсылас – Түркия.

6 Тамыз 2026, 11:33
АВТОР
 olympic.kz 6 Тамыз 2026, 11:33
6 Тамыз 2026, 11:33
236
Фото: olympic.kz

Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы су добынан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Турнирдің үшінші турында қазақстандық ватерполшылар Уругвай құрамасын 22:5 есебімен ірі жеңіліске ұшыратты.

Кездесудің үздік ойыншысы болып Максим Сасин танылды. Ол матч барысында нәтижелі ойын көрсетіп, команданың ірі жеңіске жетуіне елеулі үлес қосты.

Бұл Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы екінші жеңісі. Бұған дейін қазақстандықтар Сингапур құрамасын жеңген болатын. Ал жарысты Мысыр құрамасынан жеңіліспен бастаған еді.

Қазақстан құрамасы келесі кездесуін бүгін, 6 тамызда Түркия құрамасына қарсы өткізеді. Бұл матчтағы жеңіс команданың әлем чемпионатындағы турнирлік жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Еске салсақ, Қазақстанның су добынан ерлер құрамасы Азия чемпионатын ірі жеңіспен бастаған болатын.

Наверх