Қазақстан мен Вьетнам азаматтары жазасын өз елдерінде өтей алады

2 Қазан 2024, 11:27
231
Бөлісу:
Қазақстан мен Вьетнам азаматтары жазасын өз елдерінде өтей алады
Фото: BAQ.KZ -архив

Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құжатқа 2023 жылы 21 тамызда Вьетнам астанасы Ханойда қол қойылған.

Келісім Вьетнамда қылмыс жасағаны үшін сотталған қазақстандықтарға жазасын Қазақстанда өтеуге мүмкіндік береді. Бұл сотталғандарды оңалту және өз ұлтының қоғамына интеграциялау үшін қолайлы жағдай туғызады. Вьетнамдықтар да осындай мүмкіндікке ие болады, - деді Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев.

Оның сөзінше, биыл мамыр айынан бастап қазақстандықтарға Вьетнаммен туристік виза алынып тасталды.

Сондықтан бұл елге туристер ағынының өсу динамикасы болжанып отыр. Бұл ретте қазақстандық туристердің құқық бұзушылық жасауы мүмкін екенін де жоққа шығаруға болмайды. Қазірдің өзінде 23 мемлекетпен осындай келісім жасалған. Статистикалық деректерге сүйенсек, сотталғандардың мүдделерін қорғау саласындағы халықаралық тәжірибе оң нәтиже көрсеткен. Өзге де келісімдерге сәйкес, соңғы төрт жылда 160 азамат Қазақстанға, 260-тан астам шетелдік Қазақстаннан өз отанына қайтарылған, - дейді ол.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа алғаны туралы жазғанбыз. Сондай ақ, Мәжіліске жаңа депутат келді.

Өзгелердің жаңалығы