Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа алды

2 Қазан 2024, 10:17
240
Бөлісу:
Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа алды
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутатты жалпы отырыста жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс комитеттері үш халықаралық құжатты ратификациялау туралы заң жобаларын жұмысқа алды. 

Олар: 

– Бір тараптан ЕАЭО пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісім;

– Қазақстан мен БАӘ үкіметтері арасындағы жел электр станциясы жобасын іске асыру туралы келісім;

– Қазақстан мен Қатар арасындағы ұстап беру туралы келісім.

Өзгелердің жаңалығы