Қазақстан мен Өзбекстан әлемдегі ең ірі алтын сатып алушылардың бестігіне кірді

9 Қыркүйек 2026, 12:29
АВТОР
 ©BAQ.KZ коллажы 9 Қыркүйек 2026, 12:29
9 Қыркүйек 2026, 12:29
79
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Әлемдік орталық банктердің алтын мен валюта резервтерін басқару стратегиясындағы белсенділік бәсеңдер емес. World Gold Council мәліметі бойынша, Қазақстан мен Өзбекстан жыл басынан бері бұл бағалы металды ең көп сатып алған жетекші елдердің қатарынан көрінді.

Үздік үштікте – Өзбекстан

World Gold Council деректеріне сәйкес, қаңтар-шілде айларында қатарынан бірнеше ел біраз көлемде алтын сатып алған. Олардың көшін Польша (шамамен 90 тонна) мен Қытай (60 тонна) бастап тұр. Ал Өзбекстан осы кезеңде 40 тонна алтын сатып алып, әлемдегі ең ірі таза сатып алушылар арасында үшінші орынға тұрақтады.

Шілде айының соңында Өзбекстанның алтын қоры шамамен 431 тоннаға жетті. Бұл бағалы металл елдің жалпы халықаралық резервтерінің 87%-ын құрайды. Сонымен қатар, Өзбекстан Орталық банкінің төрағасы Тимур Ишметовтің айтуынша, алтын әзірге «ең жақсы инвестиция» болып отырғанымен, реттеуші халықаралық резервтерді басқару аясында оны «тиімді бағамен» сату мүмкіндігін де қарастырып жатыр. Мәселен, шілде айында ел 1 тонна шамасында алтын сатқан.

Қазақстанның көрсеткіштері

Өз кезеңінде Қазақстан да алтын жинақтау көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарлы елдердің қатарында. Еліміз жыл басынан бері шамамен 29 тонна алтын сатып алды (шілде айының өзінде шамамен 1 тонна қосылған). Бүгінгі таңда алтын Қазақстанның халықаралық резервтерінің шамамен 75%-ын алып жатыр. Бұл көрсеткіштер екі көршілес елдің де ұлттық валюта тұрақтылығы мен қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде алтын қорына басымдық беретінін айқын көрсетеді.

Жаһандық трендтер мен басқа елдердің жағдайы

Жалпы алғанда, әлемдік орталық банктер қаңтар-шілде айларында шамамен 130 тонна таза алтын сатып алғанын мәлімдеді (салыстыру үшін, 2025 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 160 тонна шамасында болған).

Басқа мемлекеттердің әрекеттеріне тоқталсақ:

  • Қытай шілде айында тағы 20 тонна алтын сатып алып, қатарынан 21 ай бойы қорын ұлғайтып келеді (жалпы қоры – 2366 тонна).

  • Польша қөлемін 640 тоннаға жеткізіп, мақсатты 700 тонналық межеге жақындап келеді.

  • Керісінше, Ресей шілде айында 6 тонна, ал жыл басынан бері шамамен 50 тонна алтын сатқан. Түркия да жыл басынан бері 85 тоннадай алтынды нарыққа шығарған.

Сарапшылардың пікірінше, жекелеген елдер тарапынан сату әрекеттері орын алғанымен, жаһандық деңгейде орталық банктердің алтынға деген қызығушылығы мен сұранысы жоғары деңгейде сақталып отыр.

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысының Бурабай ауданында жаңа алтын өндіру фабрикасы пайда болатыны хабарланды. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан ең бейбіт ТОП-50 елдің қатарына енді

Өзбекстанда тәуелсіздік жылдары салынған ең ұзын көпірлердің бірі ашылды

Өзбек палауы Гиннес рекордтар кітабына қашан енді?

Наверх