Өзбекстанда тәуелсіздік жылдары салынған ең ұзын көпірлердің бірі ашылды

Наманган облысындағы жаңа көпір үш ауданды облыс орталығымен байланыстырады

7 Қыркүйек 2026, 19:28
АВТОР
 видеодан кадр 7 Қыркүйек 2026, 19:28
7 Қыркүйек 2026, 19:28
109
Фото: видеодан кадр

Жаңа көпір Өзбекстанда тәуелсіздік жылдары өзен үстіне салынған ең ірі әрі ең ұзын құрылыстардың бірі болды. Жобаның жалпы құны шамамен 185 миллиард сомды құрайды.

Өзбекстан Көлік министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Наманган облысында Нарын өзені арқылы жаңа көпірдің құрылысы аяқталды.

Ұзындығы 481,5 метр болатын бұл көпір Уйчин, Учкурган және Нарын аудандарын облыс орталығымен тікелей байланыстырады.

Аталмыш көпір Өзбекстанда тәуелсіздік жылдары өзен үстіне салынған ең ірі әрі ең ұзын құрылыстардың бірі болып табылады.

Жоба аясында сондай-ақ 17,5 шақырым жаңа жол төселді. Бұл Уйчин мен Нарын аудандарындағы көлік кептелістерінің алдын алуға және болашақта ықтимал жол-көлік оқиғаларын болдырмауға мүмкіндік береді.

Көпірдің құрылысы 2024 жылы қыста басталған болатын. Жобаның жалпы құны 184,9 миллиард сомды құрады.

 

Наверх