Желідегі видео үшін жұмысынан шығарылған дәрігер сот арқылы қызметін қайтарды

Заңсыз жұмыстан шығарылған қызметкердің құқықтары қалпына келтірілді

8 Қыркүйек 2026, 13:00
АВТОР
 depositphotos.com 8 Қыркүйек 2026, 13:00
8 Қыркүйек 2026, 13:00
267
Фото: depositphotos.com

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың шешімдерін жойып, әлеуметтік желіде әдепсіз сөздер бар видеороликтер жариялағаны үшін жұмыстан босатылған дәрігердің жұмысын қайтадан қалпына келтірді.

Не болды?

Дәрігер «Емхана» мемлекеттік мекемесіне қарсы сотқа талап арызбен жүгінді. Ол жұмысын қайта қалпына келтіруді және мәжбүрлі түрде жұмысқа келмеген кезең үшін жалақы өндіріп алуды сұрады.

Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар жұмыс берушіні жұмыстан шығару кезінде еңбек заңнамасының талаптарын бұзған жоқ деп есептеп, талап арызды қанағаттандырудан бас тартты.

Не себепті жұмыстан босатты?

Азаматша 2023 жылғы 17 тамыздан бастап поликлиникада дәрігер болып жұмыс істеді. 2025 жылғы 8 тамыздағы бұйрықпен онымен жасалған еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасымен бұзылды.

Жұмыстан босатуға әлеуметтік желіде әдепсіз сөздері бар пікірлер жазылған видеороликтерді орналастыру негіз болды.

Жұмыс беруші қызметкерді Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасы негізінде – жұмыскердің кәсіби қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі бойынша жұмыстан босатты.

Сот нені анықтады?

Істі қарау барысында жұмыс беруші дәрігердің кәсіби қызметінің талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын, оның ішінде жазбаша дәлелдемелерді ұсынған жоқ.

Сонымен қатар, жұмыс беруші тарапынан оның жұмыс сапасына қатысты ешқандай шағымдар болмаған.

Қандай шешім қабылданды?

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот бірінші және апелляциялық сатыдағы сот актілерін жойып, дәрігердің талап арызын қанағаттандырды.

Нәтижесінде жұмыскер жұмысын қайта қалпына келтірілді. Ал мәжбүрлі түрде жұмыс істемеген уақыт үшін төлемдер мәселесі оның талап арызын қанағаттандыру аясында шешілді.

Еске салайық, бұған дейін «жүктімін» деп анықтама жасатқан әйел қамауға алынып, 5 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.

Тағы оқи отырыңыз:

Астанада емделуші стоматологиялық емханада ұрлыққа түсті 

17,5 млн теңге берешек: Өскеменде 53 дәрігер екі ай бойы жалақы алмаған

Балаларды қағаз жүзінде емдеген: Алматы облысында клиника директоры 66 млн теңге жымқырған

Наверх