Қаржы пирамидасын ұйымдастырушыдан 187 млн теңге тәркіленді

26 Ақпан 2024, 09:30
594
Бөлісу:
Қаржы пирамидасын ұйымдастырушыдан 187 млн теңге тәркіленді
Фото: Арман Мухатов - архив

Астанадағы "Eolus" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырушы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның 2023 жылы АҚШ-та орналасқан жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция салу желеуімен жеке тұлғалардан ақша тарту мақсатында кеңсе жалдап, "ENERGY EOLUS QAZAQSTAN" ЖШС-ны тіркегені анықталды.

Инвесторлардың қаражаты криптовалюта түрінде тартылды және есепке алу мен қайта бөлу үшін шетелдік хакерлер жасаған "energyeolus.info" платформасында көрсетілді.

Астанада ақшасын салған 535 адам тартылды.

Сот шешімімен 187 млн теңгеге тең 408 мың USDt көлеміндегі криптовалюта мемлекет пайдасына тәркіленді.

Сот үкімімен ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, оған мүлкі тәркіленіп, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, 5 жыл мерзімге азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы