Биыл қаржы пирамидаларына қатысты 21 қылмыстық іс қозғалды

12 Маусым 2020, 16:49
1266
Бөлісу:
Биыл қаржы пирамидаларына қатысты 21 қылмыстық іс қозғалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлеуметтік желілерде өткізілетін лотереялар заңсыз. Бұл туралы Қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов министрліктің есептік кездесуінің қорытындысына арналған шарада қаржы пирамидаларымен күрес қалай жүргізіліп жатқанын айтты. 

Заңсыз ұйымдардың жұмысымен күрес экономикалық зерттеулерді Қаржы министрлігі мен Ішкі істер министрлігі бірлесіп жүзеге асырылып отыр. Биыл 21 қылмыстық іс қозғалды. Олар зерделеніп жатыр. Псевдолотереяларға қатысты деректер бар. Алматы қаласында псевдолотереямен айналысып, көлік ойнатқан адамдар тобы анықталды. Олар адамдардан 200 млн теңге өндіріп алған. Оларға алданып қалғандар саны 2 мыңға жуық адамды құрады. Қазір қылмыстық іс бойынша 2 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып отыр, - деді ол. 

Оның айтуынша, Үкімет бекіткен "Сәтті жұлдыз" бірыңғай операторы бар. 

Әрине, қазір әлеуметтік желілерде кеңінен жарнама жасалып, ойнатылып жатқан лотереялар заңсыз. Бұл қылмыстарды алдын ала анықтау үшін БАҚ-та азаматтарды барынша мұқият болуға шақырамыз. Әлеуметтік желілерде бақылауды жүргіземіз. Қазір қаржылық барлау қызметі қаржы пирамидаларының типологиясын әзірлеп, тез арада олардың транзакцияларын анықтау мақсатында екінші дәрежелі банктерге жолдадық, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы