Қарағандыда уланған балалар: Зардап шеккендердің жағдайы қалай?

3 Тамыз 2023, 09:48
1046
Бөлісу:
Қарағандыда уланған балалар: Зардап шеккендердің жағдайы қалай?
Фото: Артём Чурсинов - архив

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы "Қарағанды облысындағы балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" мекемесінде уланған балалардың жағдайы бойынша ақпарат берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Стационарлық емдеудегі, оның ішінде реанимация бөлімшесіндегі балалардың жағдайы тұрақты, нашарлаусыз, – делінген Қарағанды облысы ДСБ таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, басқармада 31 шіле күні түскен нейробокс бөлімшесіндегі екі науқасты бүгін шығару жоспарланып отырғандығы айтылды.

Кеше 2 бала шығарылды, бүгін тағы 2 науқасты шығарады. 

Ауруханада 9 адам қалады: 6 бала әлі реанимацияда және 3 бала бөлімшеде.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан барлығы 14 бала зардап шекті. Бір бала қаза болды.

Осы оқиғаға қатысты жағдайды анықтау үшін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қарағандыға барған болатын.

Өзгелердің жаңалығы