Қарағандыда тағы бір қаржы пирамидасының жолы кесілді

20 Маусым 2022, 11:32
1321
Бөлісу:
Қарағандыда тағы бір қаржы пирамидасының жолы кесілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пирамиданы ұйымдастырушы азаматтардан инвестиция тарту үшін WhatsApp-та топтар құрған. 

Қылмыстық схема қатысушылардың екі бағыт бойынша қаражатын тартудан тұрды. 

Біріншісі – жаңа қатысушыларды тарту арқылы салым сомасының 70%-ы көлемінде сыйақы төлеуге уәде беріп, 4 күннен 5 күнге дейінгі мерзімге азаматтардан инвестиция жинақтау.

Екіншісі – «Cтандарт», «Vip» және «Premium» деген үш позицияға азаматтардан инвестиция тарту, 150 000 теңгеден 10 000 000 теңгеге дейінгі салымдар сомасында қаражат жинақтау. 

Қылмыскер іс жүзінде кәсіпкерлік қызметпен айналыспаған. Салымдар мобильді банкинг арқылы қабылданған. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заң бұзған азаматша қаржылық пирамиданы құруына қатысты кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді. 

Өзгелердің жаңалығы