Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райын атмосфералық фронттар айқындайды. Ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде.
Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауып, тұман түседі, көктайғақ құбылыстары байқалып, жел күшейеді және боран соғады.
30 қарашада Қазақстанның шығысында қалың қар, ал оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Ауа температурасы біртіндеп төмендейді. 30 қарашаға қарай түнде еліміздің батысында -5–12°С, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында -10–18°С, шығысында -7–12°С, ал таулы аудандарда -15–20°С-қа дейін төмендейді.
Еліміздің қалған аумағында ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.
Айта кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» РМК Қазақстанда биыл қыс қандай болатыны туралы болжам жасады.
Сондай-ақ, қазақстандықтар желтоқсанда неше күн демалатыны хабарланды.
Тағы оқи отырыңыз:
31 желтоқсанда жұмыстан ерте кетуге бола ма? Еңбек министрлігі демалыс туралы айтты
Мереке күндері жұмыс істегендерге қанша теңге төленуі тиіс?