Путин Тоқаевқа көңіл айтты

28 Тамыз 2021, 18:18
10196
Бөлісу:
Путин Тоқаевқа көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жамбыл облысында қоймалардағы жарылыс салдарынан болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.

Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы Жамбыл облысындағы жарылғыш заттардың детонациясы салдарынан болған қайғылы оқиғаға байланысты қайғырып көңіл айтамын. Сонымен қатар қайтыс болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспін, - деді Путин.
Еске салсақ, 26 тамызда Жамбыл облысындағы әскери бөлімдердің бірінде жойқын жарылыс болды. Салдарынан 13 адам опат болды. 98 адам түрлі жарақат алды. Ертең елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.
Өзгелердің жаңалығы