Жамбылдағы жарылыс: Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады

28 Тамыз 2021, 11:25
5345
Бөлісу:
Жамбылдағы жарылыс: Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бұл туралы Президент Twitter-дегі парақшасында жазды.

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады, - деді Мемлекет басшысы.
Естеріңізге салсақ, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Қоймада инженерлік оқ-дәрілер сақталған. 

Тараз қаласының мектептеріне 1200-ге жуық адам, яғни Байзақ ауданы Қайнар, Ботамойнақ, Жібек Жолы ауылдарының және Үшбұлақ станциясының тұрғындары көшірілді. 

Жамбыл облысындағы әскери қоймада тұтану фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 462-бабы (қару-жарақты, сондай-ақ айналадағылар үшін қауіп төндіретін заттар мен заттарды ұстау қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жарылыстан қаза болғандар саны 13-ге жетті.
Өзгелердің жаңалығы