Прокурор Жанабыловтармен қандай келісімге келді?

Прокурор Жанабыловтың кінәсін мойындап, 247 млн теңге залалды өтегенін айтты. Сотта оған қандай шартты жаза сұралғаны белгілі болды.

Бүгiн 2026, 15:48
АВТОР
 ©BAQ.KZ коллажы Бүгiн 2026, 15:48
Бүгiн 2026, 15:48
203
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Астанада Жанабыловтарға қатысты сот отырысында мемлекеттік айыптаушы тарап сотталушының кінәсін мойындап, келтірілген залалды толық өтегенін ескеріп, шартты жаза тағайындауды сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жанабыловтарға қатысты сот отырысында аға прокурордың көмекшісі Олжас Хайруллаев айыпталушы Ерболат Жанабыловтың кінәсін толық мойындағанын және қылмыстық құқық бұзушылық нәтижесінде келтірілген мүліктік залалды толық көлемде – 247 653 229,5 теңге өтегенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол сотталушының жасаған әрекетіне шынайы өкініш білдіргенін атап өтті.

Прокурордың айтуынша, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 616-бабы 1-бөлігінің 8-тармағына сәйкес тараптар жаза түрі мен мөлшері жөнінде келісімге келген.

Осыған байланысты мемлекеттік айыптаушы соттан:

* Қылмыстық кодекстің 214-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша – мүлкін тәркілеумен бірге 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеуді;
* 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша, 55-баптың 4-бөлігін қолдана отырып – 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.

Қылмыстық кодекстің 58-бабы 3-бөлігіне сәйкес, жазаларды сіңіру жолымен түпкілікті жаза ретінде мүлкін тәркілеумен бірге 2 жыл бас бостандығынан айыру белгілеу ұсынылды.

Сонымен қатар, прокурор Қылмыстық кодекстің 63-бабы 1-бөлігіне сәйкес аталған жазаны шартты деп есептеп, осы мерзімге пробациялық бақылау орнатуды сұрады.

Жанабыловқа бірқатар міндеттер жүктеу ұсынылды. Атап айтқанда, тұрғылықты жерін және жұмыс орнын уәкілетті органның хабарынсыз өзгертпеу, пробация қызметінің келісімінсіз елді мекеннен шықпау, түнгі уақытта тұрғын үйден шықпау, сондай-ақ психоактивті заттарды пайдаланбау.

Пробациялық бақылау сотталушының тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырылуы тиіс. Сондай-ақ ол үкім заңды күшіне енгеннен кейін 10 тәулік ішінде пробация қызметіне тіркелуге міндеттеледі.

Бұған дейінгі, яғни 2026 жылғы 24 сәуірде өткен сот отырысында блогер Эльмира Төлегенова прокурормен процессуалдық келісім жасауға келісті.

Еске салсақ, кешегі, яғни 2026 жылғы 22 сәуірде өткен сот отырысында айыпталушылардың адвокаты куәгер-тергеуші Абзал Әлімхановтан жауап алып, ақша қозғалысы мен банк шоттарына қол жеткізуге қатысты айыптау уәждеріне күмән келтірді. 

Жанабылов ісінде 100 млн теңге қаржы қалай жұмсалғаны айтылды.

2026 жылғы 22 сәуірде өткен сот жарыссөздері барысында мемлекеттік айыптаушы оларға мүлкін тәркілеумен қатар нақты мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сондай-ақ, прокурор Олжас Хайруллаев Жанабыловтар ісі блогерлерге сабақ болуы тиіс екенін айтты.

Тергеуші Жанабыловқа жала жабу бабы бойынша іс қозғауы мүмкін екенін ескертті.

Тағы оқи отырыңыздар:

"Біреуге жай айыппұл, енді біріне сот". Жанабыловтардың адвокаты не дейді?

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх