Полиция бітіру кештерін тоқтата ала ма? ІІМ түсіндірді

Мектеп бітіру кештерін мейрамханада өткізуге тыйым салынған, бірақ полиция бұл үшін айыппұл сала алмайды.

Бүгiн 2026, 14:46
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Гүлжан Раманқұлова Бүгiн 2026, 14:46
Бүгiн 2026, 14:46
126
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Гүлжан Раманқұлова

Қазақстанда мектеп бітіру кештерін мейрамханаларда, кафелерде және банкет залдарында өткізуге тыйым салынғанымен, бұл талаптың орындалуын полиция бақыламайды. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, бітіру кештерін өткізуге қатысты шектеу – Оқу-ағарту министрлігінің бастамасы. Ал Ішкі істер министрлігі бұрынғыдай құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы өз міндеттерін атқара береді.

Бұл – Оқу-ағарту министрлігінің бастамасы. Өз кезегінде Ішкі істер министрлігі құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарын жалғастырады. Әрине, полицияға келіп түскен кез келген хабарламаға ден қойып, оны уәкілетті органдармен бірлесіп қараймыз. Себебі балалардың қауіпсіздігі – біз үшін ең басты мәселе, – деді Санжар Әділов.

Министр орынбасары бітіру кештері ұйымдастырылуы мүмкін нысандарды тексеру мәселесіне де тоқталды.

Қазір біз Оқу-ағарту министрлігімен тұрақты байланыстамыз. Егер әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталса, мұндай іс-шараларды ұйымдастырған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Біз тағы да “Заң және тәртіп” қағидатының әрекет ететінін еске саламыз. Әкімшілік заңнаманы бұзған кез келген адам тиісті жауапкершілікке тартылады. Заң бәріне ортақ, – деді ол.

Еске сала кетейік, Мәжіліс депутаты Асзат Аймағамбетов мектеп бітіру кештеріне толық тыйым салуға қарсы шыққан еді. Сөзінше, сондай кештерде мұғалімдер түнде ресторан күзетіп жүрмеуі керек.

Сондай-ақ ол мұғалімдерге ақша жинау жайлы да пікір білдірген еді.

Оқи отырыңыздар: "Мен басқалардан қалып қойдым ба?": Мектеп бітіру кеші психологиялық қысымға айналып бара ма?

Ақ бантик, соңғы вальс, қимастық: Мектептерде соңғы қоңырау соғылды  

Наверх