Полицейлерді алдап соғып, қашып кеткен сотталғанның кім екені анықталды

9 Тамыз 2021, 15:42
2983
Бөлісу:
Полицейлерді алдап соғып, қашып кеткен сотталғанның кім екені анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін желіде видео тарады. Онда қарауылшы жасақтың бақылауымен үйіне келген ер адам әйелімен қоштасу сыңайын танытып, артынша үй ауласына қарғып мініп, қашып кетеді. Жамбылдық полицейлер қашқынды құрықтағанын мәлімдеді.

Ағымдағы жылдың 5 тамызында сағат 17:30 шамасында Тараз қаласының 26 жастағы тұрғыны Иван Юрьевич Зозуля жазасынан ерте босатылуына байланысты белгіленген тәртіпті бұзғаны үшін, Тараз қалалық №2 сотының қаулысымен 2 жыл 10 ай 17 күнге қамаққа алынып, қылмыстық атқару жүйесі департаментінің 158/1 мекемесіне жіберілу барысында, белгісіз бағытта бой тасалаған, - делінген хабарламада.

Полицейлерді алдап соғып, қашып кеткен сотталғанның кім екені анықталды

Зозуля бұрын, 2012 жылы заңсыз қару сақтағаны және есірткі заттарын өткізгені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында кеше, 8 тамызда сағат 21.00 шамасында сотты болған Зозуля Тараз қаласының «Қарасу» шағынауданында ұсталды. Осы факті бойынша ҚК 426-бабымен, яғни күзеттен қашқаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Осы қылмысты жасағаны үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Күдікті өз кінәсін толық мойындады және тергеу изоляторына қамаққа алынды, - деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығының орынбасары Мақсат Юсупов.

Өзгелердің жаңалығы