Таразда тұтқын полицейлердің көз алдында қашып кетті

9 Тамыз 2021, 11:34
3322
Бөлісу:
Таразда тұтқын полицейлердің көз алдында қашып кетті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда тұтқын полицейлердің көз алдында қашып кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қамаудағы адамның қашу сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кейін бейне әлеуметтік желілерде кеңінен тарап кетті. Видеода көріп тұрғанымыздай, тұтқын әйелмен сөйлесіп, құшақтасып, қоштасып тұрғандай кейіп танытады. Олардың жанында қызметтік автокөлік тұр, оның ішінде полиция қызметкерлері отырғанын көруге болады. Ер адам жағдайды пайдаланып, тез арада қабырғаға секіріп мініп, арғы бетіне қарғып, қашып кетеді. Полиция қызметкерінің бірі тұтқынның соңынан қуады.


Ер адам полицейлерден жасырынып үлгерген екен. Бірақ кейінірек әлеуметтік желілерде тағы бір бейне тарады. Онда қашып кеткен ер адамды құқық қорғау органы қызметкерлері ұстаған. 


Жамбыл облысының полиция департаменті болған оқиғаны растаған. Олар қашып кеткен ер адамның ұсталғанын айтты. Толығырақ ақпаратты ведомство сәл кейінірек беруге уәде берген.

Өзгелердің жаңалығы