Петропавлдағы ТЖ. Жоғалған жұмысшы табылмай жатыр

21 Наурыз 2022, 11:07
1382
Бөлісу:
Петропавлдағы ТЖ. Жоғалған жұмысшы табылмай жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлдағы құбыр жарылысы кезінде жоғалып кеткен жұмысшы әлі табылмай жатыр. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы хабарлады. 

Аймақтық прокуратура таратқан мәліметке сүйенсек, үйінділердің астынан машинист-қараушыны іздестіру жұмыстары түннен бері жалғасуда. Жұмысшы төтенше жағдай кезінде үйінді астында қалып қоюы мүмкін деген болжам жасалды. 

Әлеуметтік желіде жоғалған жұмысшының әйел адам екендігін айтуда, алайда ақпарат әлі нақтыланбаған.  

Кеше Петропавлда ЖЭО-да түтін мұржасы құлаған болатын. Таңертең Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзім ішінде қала тұрғындарын жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуді тапсырды. 

Өзгелердің жаңалығы