Петропавлдағы апат: Президент тұрғындарды тез арада жылумен қамтуды тапсырды

21 Наурыз 2022, 09:49
1803
Бөлісу:
Петропавлдағы апат: Президент тұрғындарды тез арада жылумен қамтуды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін таңертең Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың Петропавл қаласындағы жылу электр орталығында болған апат салдарын жою жұмыстарының барысы туралы есебін тыңдады, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Апат салдарынан тұрғын үйлер мен қызметтік мекемелер жылусыз қалған болатын.

Әкімнің айтуынша, жұмыс комиссиясы құрылған. Оның құрамына әкімдіктің, ТЖМ-нің және басқа да құзырлы ведомстволардың қызметкерлері, сондай-ақ аталған саланың жобалаушылары мен мамандары енген. Компания басшысы – жылу электр орталығының меншік иесі келеді деп күтілуде.

Президент облыс орталығы мен басқа да елді мекендердің тұрғындарын тез арада жылумен қамтамасыз етуді тапсырды, - делінген жазбада.

Өзгелердің жаңалығы