Петропавлдағы ТЖ: Апаттың алдын ала себебі анықталды

20 Наурыз 2022, 21:52
1598
Бөлісу:
Петропавлдағы ТЖ: Апаттың алдын ала себебі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қатты жел ЖЭО-2 құбырын ұшырып кеткен. Бұл туралы Петропавловск.news хабарлады.

№1 мұржаның жоғарғы бөлігінің жартылай опырылды. Қалған 2 мұржа жұмыс істеп тұр. ТЖД мәліметінше, қирауға қатты жел (10 м/с дейін) себеп болған. Оқиға орнында жедел әрекет ету тобы, өрт сөндірушілер, құтқарушылар мен жедел жәрдем жұмыс істеп жатыр. Құлағанға дейін 4 қазандық және 5 турбоагрегат жұмыс істеп тұрған. Сағат 19:30-да 2 қазандық пен 3 турбоагрегат сөндірілді. Сағат 00:00-де 2 резервтік қазандықты іске қосу жоспарланып отыр, - деді Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Тимур Әбдіреш.

Петропавлда ертең екпіні секундына 28 метрге жететін қатты жел соғады. Қала тұрғындарын ЖЭО-2-нің қалған құбырлары алаңдатып отыр.

Өзгелердің жаңалығы