Пентагон Иранның мәдени нысандарына соққы жасауға қарсы шықты

7 Қаңтар 2020, 16:56
4140
Бөлісу:
Пентагон Иранның мәдени нысандарына соққы жасауға қарсы шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иранға соққы жасау керек болса, АҚШ Қорғаныс министрлігі әскери қақтығыс заңдарына сай жасайды.

АҚШ Трамптың қорқытуларына қарамастан, Иранның мәдени нысандарына шабуыл жасамайды. Бұл туралы 7 қаңтарда АҚШ қорғаныс министрі Марк Эспер мәлімдеді, деп хабарлайды CNN.

Біз әскери қақтығыс заңдарының талаптарына қарай әрекет етеміз, - деді Эспер журналистерге.

Мұны Пентагон басшысы Трамптың Иранның мәдени ошақтарына соққы жасауымыз мүмкін деген сөзіне қатысты ойын сұрағанда айтты.

Оларға (ирандықтарға) біздің адамдарымызды өлтіруге рұқсат. Оларға біздің адамдарымызды азаптауға және қорлауға рұқсат. Оларға жол бомбаларын қолдануға және адамдарымызды өлтіруге болады. Ал бізге олардың мәдени нысандарына тиісуге болмай ма? Бұл былай жұмыс істемейді, - деген болатын Дональ Трамп.

Бұған дейін АҚШ Иран СІМ басшысына виза бермегенін жаздық. Сонымен қатар, АҚШ Ирак қарсы санкция әзірлеп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы