АҚШ Иракқа қарсы санкция әзірлеп жатыр – БАҚ

7 Қаңтар 2020, 15:49
5286
Бөлісу:
АҚШ Иракқа қарсы санкция әзірлеп жатыр – БАҚ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ирак парламентінің америкалықтарды елден шығару туралы шешімінен кейін АҚШ билігі оларға қарсы санкция дайындап жатыр.

Америка президентінің әкімшілігінде Иракқа қатысты шектеу шаралары әзірленіп жатыр. Мұндай шара Ирак парламентінің елден АҚШ әскери қызметкерлерін шығару туралы шешімінен кейін қолға алынды. Бұл туралы дереккөздерге сілтеме жасап  Washington Post хабарлады.

Басылым таратқан ақпаратқа қарағанда, егер санкциялар енгізіліп жатса, онда Қаржы министрлігі мен Ақ үй жетекші рөл ойнайды. 
Дегенмен санкциялар туралы нақты шешім әзірге шығарылған жоқ.

Бұған дейін АҚШ Иран СІМ басшысына виза бермегенін жаздық.

Өзгелердің жаңалығы