Павлодарда оқушы туберкулез анықталды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды

Павлодарда мектеп оқушысынан туберкулез белгілері табылды.

13 Қазан 2026, 20:17
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві 13 Қазан 2026, 20:17
13 Қазан 2026, 20:17
171
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Павлодарда оқушы туберкулез анықталды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дарынды балаларға арналған № 3 гимназия әкімшілігінің ақпаратына сәйкес, 2026 жылғы 7 қазанда оқушылардың бірінен туберкулезбен ауыруы мүмкін екені туралы хабарлама түскен. 

Уәкілетті органдардың нұсқамасына сәйкес, қажетті профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді.

Кәмелетке толмаған оқушы Павлодар облыстық фтизиопульмонология орталығына жатқызылып, қазіргі уақытта қажетті медициналық көмек алуда. Жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда. Кәмелетке толмағанның денсаулық жағдайына қатысты қосымша ақпарат Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 273-бабына сәйкес жария етуге жатпайды, - деп хабарлады Білім басқармасының баспасөз қызметі BAQ.KZ сауалына берген жауабында. 

Жағдай бақылауда.

Еске салайық, бұған дейін Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің студенттері арасында туберкулезді жаппай жұқтыру дерегі орын алды деген ақпарат тараған болатын. Содан кейін Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ресми жауап жолдады. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық 11%-ға төмендеді

Қарағанды университеті студенттер арасында тараған туберкулезге қатысты түсініктеме берді

Қарағанды университетінде туберкулез жұқтырудың 10 дерегі тіркелді ме? – Дәрігерлер жауап берді

 

Наверх