Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқына көңіл айтты. Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Каспий теңізі аумағындағы оқу-жаттығулар кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына көңіл айтты. Мемлекетіміздің басшысы қаза тапқандардың отбасы мүшелері мен жақындарына сабырлық пен төзімділік тіледі, - деп жазған Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов.
Айта кетейік, бұған дейін Каспийдегі қайғылы оқиғаға қатысты Қырғызстан, Әзербайжан және Түркия Қазақстанға көңіл айтты.
Айта кетейік, кетейік, бұған дейін Каспийде оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші суға батып кеткені хабарланды.
Сондай-ақ, әскери қызметшілердің қазасына байланысты Үкіметтік комиссия құрылып, Премьер-министр Олжас Бектенов шұғыл тапсырма берді.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметкерлердің туған-туыстарына көңіл айтты.
25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.
Одан кейін Қорғаныс министрлігі қаза тапқан 12 әскери қызметшінің есімдерін жариялады.
Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза болуына қатысты екі қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық істің барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді. Қайырымдылық бастамасына еліміздің әр өңірінен 17 кәсіпкер қосылды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Маңғыстауда әскери қызметшілердің қазасына байланысты күдікке ілінген тұлғалар анықталды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.
Тағы оқи отырыңыз: Каспийдегі әскери қызметшілерді іздеу операциясы күшейтілді: Ондаған кеме мен әуе кемесі жұмылдырылды
Қазақстан тарихындағы қаралы күндер хроникасы