Қызылорда облысының Қазалы ауданында балабақша есепшісі өзіне жоғары жалақыны заңсыз төлеу арқылы 21,5 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Прокуратура жүргізген талдау нәтижесімен балабақша есепшісі 4 жыл ішінде штаттық кесте бойынша бекітілген жалақыдан жоғары мөлшерде өзінің банктік шоттарына қосымша қаражатты негізсіз аударғаны анықталды.
Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен көзделген, яғни аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қылмыстық іс тергеп-тексеру үшін Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданады, - деп хабарлады Қызылорда облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда мектеп директорының ЭЦҚ-сын алып, 300 млн теңгеден астам қаржы жымқырған бухгалтерлер сотталды.
Тағы оқи отырыңыз:
СҚО-да бюджет ақшасын жымқырған әкімдік бухгалтерлеріне сот үкімі шықты
Жетісу облысында TikTok-та құмар ойын ұйымдастырғандар 95 млн теңге табыспен ұсталды
3 млн теңгеден астам ақша бопсаланған: Павлодарда алты күдікті қолға түсті