СҚО-да бюджет ақшасын жымқырған әкімдік бухгалтерлеріне сот үкімі шықты

Бюджет қаражатын жымқырғаны үшін бухгалтерлер сотталды.

16 Шілде 2026, 15:20
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 16 Шілде 2026, 15:20
16 Шілде 2026, 15:20
139
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Солтүстік Қазақстан облысында бюджетқаржысын жымқырған әкімдік бухгалтерлеріне сот үкімі шықты.

Есіл ауданының прокуратурасы ауылдық округтер әкімдіктерінің бухгалтерлері жасаған бюджеттік қаражатты жымқыру фактілерін анықтады.

Жымқыру бюджеттік қаражатты заңсыз аудару, бухгалтерлік құжаттарға дұрыс емес мәліметтерді енгізу, сондай-ақ берілген өкілеттіктерді теріс пайдалану арқылы жүзеге асырылған. Мұндай әрекеттер мемлекеттік бюджетке зиян келтіріп, азаматтардың мемлекет институттарына деген сеніміне нұқсан келтірді. Жүргізілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық істер сотқа жолданды, онда сотталушылардың кінәлары толық дәлелденді, - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы.

Сот айыптау үкімдерін шығарды. Онда бухгалтерлер кінәлі деп танылып, жазаны өтеудің бүкіл мерзіміне пробациялық бақылау белгілей отырып, шартты түрде бас бостандығынан айырудың ұзақ мерзіміне сотталды.

Сонымен қатар, сотталғандарға тиісінше 4 жыл және 5 жыл бухгалтерлік қызметпен байланысты материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыру түрінде қосымша жаза тағайындалды. Әрбір мемлекеттік қызметші заңнама талаптарын сақтауға, бюджеттік қаражаттың ашық және нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік қаржыға кез келген заңсыз билік ету заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғатынын есте ұстауға міндетті, - делінген сот хабарламасында. 

Еске салайық, бұған дейін Батыс Қазақстанда бас бухгалтер 106 млн теңге жымқырып, құмар ойынға жұмсаған болатын.  

Наверх