Өскемендегі апат: Ауруханаға түскендердің жағдайы белгілі болды

Зардап шеккендердің бірінің денесінің 90%-ы күйген.

Бүгiн 2026, 16:52
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев Бүгiн 2026, 16:52
Бүгiн 2026, 16:52
101
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

Өскеменде «Қазцинк» өнеркәсіп аймағында болған апаттан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жараланғандардың бірі ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

5 адам ауруханаға жеткізілген

Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Мұрат Нұрбикеновтің мәліметінше, алғашқы хабар жедел жәрдем станциясынан таңғы 08:30-да түскен.

08:40-та медициналық мекемеге зардап шеккен алғашқы азамат жеткізіліп, бір сағат ішінде жалпы бес адам ауруханаға түскен. Олардың төртеуі ер адам, біреуі әйел.

Зардап шеккендердің үшеуі толық тексеруден өтті, соның ішінде бас миының компьютерлік томографиясы жасалған. Нәтижесінде оларда тек жеңіл жарақаттар – сырылу мен көгерулер анықталды, - деді дәрігер.

Дәрігерлердің шешімімен олар амбулаториялық ем алуға жіберілген.

Екі адамның жағдайы ауыр

Қалған екі науқас ауруханаға жатқызылған. Бір науқастың жағдайы аса ауыр, оның денесінің 90%-дан астамы күйген, жоғарғы тыныс жолдары күйген, көздің конъюнктивасы зақымданған, күйік шогы тіркелген.

Ол жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Екінші науқасқа омыртқа жарақаты диагнозы қойылған. Оның бел омыртқасының үшінші омыртқасында компрессиялық сынып, остисті өсінділері зақымданған.

Ол травматология бөлімінде ем алып жатыр.

Дәрігерлер зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетілгенін хабарлады.

Қазіргі уақытта жағдай Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасының бақылауында. Пациенттердің жағдайы дәрігерлердің тұрақты қадағалауында.

Еске сала кетейік, Өскемендегі металлургиялық кәсіпорын аумағында болған жарылыс салдарынан екі адам қаза тауып, бесеуі түрлі жарақат алғанын бұған дейін хабарлаған едік. 

Сондай-ақ, кәсіпорын аумағында жарылыс болып, өрт шыққанын жаздық.

Өскемендегі «Казцинк» ЖШС аумағында болған өрт оқшауланды. Құтқарушылар өртті толық сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, 4 адам ауруханаға жеткізілген. 

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Өскемен қаласындағы өндірістік нысанда болған жарылысқа байланысты жауапты органдарға нақты тапсырмалар жүктеді. 

Өскемендегі «Казцинк» аумағындағы өрттен кейін іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. 

Сондай-ақ бұған дейін апат салдарынан қаза тапқандардың отбасына 10 жылдық жалақы төленетінін хабарладық.

Тағы оқи отырыңыздар:

Жарылыстан кейін "Казцинк" маңында белгісіз бұлт пайда болды: Экологтар тексеруге кірісті 

Өскемендегі жарылыс жұртты дүрліктірді: Экологияға қауіп бар ма? 

Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жедел желі іске қосылды

Наверх