"Казцинктің" бір бөлігі үйіндіге айналған: Іздеу жұмыстары жүріп жатыр

Өскемендегі «Казцинк» аумағындағы өрттен кейін іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Құрылымдарды бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгiн 2026, 10:37
АВТОР
 Төтенше жағдайлар министрлігі Бүгiн 2026, 10:37
Бүгiн 2026, 10:37
175
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі күштері «Казцинк» ЖШС аумағында болған өрттен кейінгі жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Қазіргі уақытта оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, өрт салдарынан зақымданған құрылымдарды бөлшектеу жұмыстары қатар атқарылып жатыр.

Құтқару операциясына құтқарушылармен қатар кинологиялық есептоптар да тартылған. Арнайы үйретілген иттердің көмегімен үйінді астында қалуы мүмкін адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, оқиға орнында ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы бригадасының дәрігерлері кезекшілік етуде. Олар зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсетуге дайын.

Алдын ала мәлімет бойынша, жағдай бақылауда. Құтқарушылар толық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және зардап шеккендерді анықтау бағытында жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Өскемендегі зауыттардың бірінде өрт шыққаны хабарланған еді. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, шаң ұстау құрылғысында жарылыс болып, артынша өрт тұтанған. Соның салдарынан ғимараттың бір бөлігі құлаған.

Белгілі болғандай, Өскемендегі "Казцинк" аумағында жарылыс салдарынан шыққан өрттен зардап шеккен 4 адам ауруханаға жеткізілді.

Премьер-министр Олжас Бектенов Өскемен қаласындағы өндірістік нысанда болған жарылысқа байланысты жауапты органдарға нақты тапсырмалар жүктеді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх