Өскемендегі апат: Қаза тапқандардың отбасына 10 жылдық жалақы төленеді

Ауруханада ем алып жатқан зардап шеккендерге компания қолдау көрсетеді

5 Мамыр 2026, 15:18
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 5 Мамыр 2026, 15:18
5 Мамыр 2026, 15:18
738
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Бүгін Өскеменде өндірісте апат болды. «Қазцинк» компаниясы қаза тапқан жұмысшылардың отбасына қолдау көрсетеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі BAQ.KZ редакциясының сауалына берген жауабында хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, апат салдарынан қаза болған Рамазанов О.Н. мен Камалиев Е.Т.-ның жерлеу рәсіміне байланысты барлық шығынды компания толық өз мойнына алады. Сонымен қатар, әрбір отбасыға 10 жылдық еңбекақы көлемінде өтемақы төленеді.

Ал ауруханада ем алып жатқан зардап шеккендерге қажетті медициналық қызмет пен дәрі-дәрмек шығындары да толықтай компания есебінен өтеледі. Бұдан бөлек, олардың еңбек ақылары 100 пайыз көлемінде сақталады.

Еске сала кетейік, Өскемендегі металлургиялық кәсіпорын аумағында болған жарылыс салдарынан екі адам қаза тауып, бесеуі түрлі жарақат алғанын бұған дейін хабарлаған едік. 

Сондай-ақ, кәсіпорын аумағында жарылыс болып, өрт шыққанын жаздық.

Өскемендегі «Казцинк» ЖШС аумағында болған өрт оқшауланды. Құтқарушылар өртті толық сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, 4 адам ауруханаға жеткізілген. 

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Өскемен қаласындағы өндірістік нысанда болған жарылысқа байланысты жауапты органдарға нақты тапсырмалар жүктеді. 

Өскемендегі «Казцинк» аумағындағы өрттен кейін іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. 

Тағы оқи отырыңыздар:

Жарылыстан кейін "Казцинк" маңында белгісіз бұлт пайда болды: Экологтар тексеруге кірісті 

Өскемендегі жарылыс жұртты дүрліктірді: Экологияға қауіп бар ма? 

Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жедел желі іске қосылды

Наверх