Өскемендегі металлургиялық кәсіпорын аумағында болған жарылыс салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бесеуі түрлі жарақат алды. Бұл туралы «Казцинк» компаниясы ресми мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Компанияның хабарлауынша, оқиға таңертең Өскемен металлургиялық алаңында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, түтін сорғышты (дымосос) тазалау жұмыстары кезінде газ-ауа қоспасының жарылысына ұқсас хлопок болып, кейін өрт шығып, құрылымдардың бір бөлігі опырылған.
Жарақат алған бес адамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оқиға орнына жедел қызметтер дереу жетіп, өртті сөндіру және салдарын жою жұмыстарын жүргізуде, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта арнайы комиссия құрылып, оқиғаның себептері мен мән-жайын жан-жақты тексеру басталды.
«Казцинк» компаниясы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, барлық қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Қаза болғандардың отбасыларына және зардап шеккендерге материалдық әрі психологиялық қолдау көрсетіледі, – делінген ресми хабарламада.
Экологияға әсері қандай?
Сонымен қатар, уәкілетті органдар қоршаған ортаға әсерін бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алдын ала деректер бойынша, оқиға кезінде шаңның жергілікті таралуы тіркелгенімен, зиянды заттардың шекті мөлшерден асуы анықталмаған.
Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта қоршаған ортаға айтарлықтай қауіп жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін Өскемендегі кәсіпорын аумағында жарылыс болып, өрт шыққанын жаздық.
Өскемендегі «Казцинк» ЖШС аумағында болған өрт оқшауланды. Құтқарушылар өртті толық сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, 4 адам ауруханаға жеткізілген.
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Өскемен қаласындағы өндірістік нысанда болған жарылысқа байланысты жауапты органдарға нақты тапсырмалар жүктеді.
Өскемендегі «Казцинк» аумағындағы өрттен кейін іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Тағы оқи отырыңыздар: Жарылыстан кейін "Казцинк" маңында белгісіз бұлт пайда болды: Экологтар тексеруге кірісті
Өскемендегі жарылыс жұртты дүрліктірді: Экологияға қауіп бар ма?