Өскеменде полицейлер қайғылы жағдайдың алдын алды. 20 сәуір күні «102» арнасына белгісіз ер адам оғаш қылық көрсетіп, тұрғын үйдің шатырынан секірмекші болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына шұғыл түрде полиция қызметкерлері жетті.
Тәртіп сақшылары Серікбаев көшесіндегі 9 қабатты үйдің шатырында тұрған облыстың 37 жастағы тұрғынын анықтады. Жедел іс-қимылдар мен келіссөздер барысында полицейлер қайғылы жағдайдың алдын алды. Үлбі полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Азат Баймадиевтың тікелей қатысуымен, бөлім бастығы полиция полковнигі Ринат Зубаировтың үйлестіруімен, сондай-ақ ШҚО ПД ЖҚАЖ сарбаздарының көмегімен ер адам шатырдан аман-есен түсірілді. Құтқарылған азамат қажетті медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды, - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Астанада 18 жастағы жігіт үш бала қаза тапқан тұрғын үйдің шатырынан секірмек болды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Ақтөбе облысында 50 рет ереже бұзған шетелдік жүргізуші анықталды
Өскеменде халықаралық іздеуде жүрген алаяқ ұсталды
Алматыда нөсер жаңбыр кезінде ер адам арыққа құлап, мерт болған