Астанада Түркістан көшесінде 18 жастағы жігіт көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болды.
Полицияға көпқабатты тұрғын үйдің шатырында ер адамның жүргені туралы хабарлама түскен.
Аталған факті бойынша елорданың 18 жастағы тұрғыны анықталды, ол болжам бойынша биіктен секірмек болған. Оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс істеп жатыр, психологтар тартылды. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алды. Төменде биіктен құлауы мүмкін жағдайда соққыны жеңілдету үшін құтқарушылардың үрлемелі жастығы жайылды. Қазіргі уақытта үйлесімді іс-қимылдардың нәтижесінде жас жігіт шатырдан түсірілді және ол қауіпсіз жерде, - деп хабарлады Астана қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Астанада ер адам көпірден секірмек болған еді.
Тағы оқи отырыңыздар:
Семейде әйел көпірден секіріп кетті
Астанада бір түнде екі адам терезеден секіріп қаза тапты
Астанадағы Атырау көпірінен әйел суға секіріп кетті