Алматыда нөсер жаңбыр кезінде ер адам арыққа құлап, мерт болған

Қайғылы оқиғаны полиция растады.

Бүгiн 2026, 15:43
АВТОР
 ©BAQ.KZ/жасанды интеллект Бүгiн 2026, 15:43
Бүгiн 2026, 15:43
287
Фото: ©BAQ.KZ/жасанды интеллект

Алматыда нөсер жаңбыр кезінде ер адам арыққа құлап, мерт болған. 

Желідегі ақпаратқа сәйкес, коммуналдық қызметкерлер арықты тазалауға келгенде қоқыстың орнында ер адамның мәйіті жатқанын анықтаған. 

Полиция оқиғаны растады

Бұл оқиға бойынша Алматы қаласы Бостандық аудандық Полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адам алкогольдік масаң күйде тепе-теңдігін жоғалтып, арыққа құлаған. Алған дене жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиғаның өзге мән-жайлары тергеу барысында анықталады.

Алматыда бірнеше күн ішінде айтарлықтай жауын-шашын түсті. Қала әкімдігінің мәліметінше, жаңбыр көлемі шамамен 12 мм болған. Қатты жауын салдарынан арықтар толып, кей жерлерде көшені су басты. 

Наверх