Nvidia басшысы өзгеруге уәде беріп, психологқа баратынын айтты

 BILD 26 Қараша 2026, 16:10
26 Қараша 2026, 16:10
112
Фото: BILD

Америкалық Nvidia компаниясының басшысы Дженсен Хуанг өзінің әрекеті үшін отбасы мен қызметкерлерінен кешірім сұрап, корпоративтік кодексті бұзғанын мойындады және күн сайын психотерапевтке баратынын айтты. Бұл туралы ол бас директор қызметіне қайта оралғаннан кейін ұжыммен өткізген алғашқы жалпы жиналыста мәлімдеді.

«Мен бірнеше сұмдық қателік жібердім. Лоридің көзіне шөп салдым, балаларыма және бәріңізге ауыр тиетін іс жасадым», – деді Хуанг.

Сондай-ақ ол өзі әзірлеуге қатысқан корпоративтік мінез-құлық кодексін бұзғанын да мойындады.

Nvidia басшысының айтуынша, психотерапевтпен сеанстар күн сайын бір жарым сағатқа созылады және қазірдің өзінде оған ол көмектесіп жатыр.

Бұдан бөлек, Хуанг өзінің басқару стилі кейде қол астындағы қызметкерлерге зиян тигізіп, оларды қорлағанын да жасырмады. Ол компанияны басқару тәсілін қайта қарауға уәде беріп, өзіне екінші мүмкіндік берген директорлар кеңесіне алғыс айтты.

Nvidia басшысы қызметіне қайта оралуына қатысты бөлек түсініктеме берді. Ол АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі директорлар кеңесіне қысым көрсету арқылы оны қызметіне қайта тағайындауға қол жеткізді деген пікірлерді жоққа шығарды.

Хуангтың сөзінше, бұл шешім ешкімнің араласуынсыз, дербес қабылданған. Бұған дейін Трамптың өзі компания басшысын қызметіне қайтаруға атсалысқанын мәлімдеген болатын.

Қараша айының ортасында Хуанг некеден тыс байланыстары туралы жарияланымдардан кейін бас директор қызметінен кеткен еді.

Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, сол байланыстардың бірі Nvidia-ның клиенті саналатын компанияның басшысы Алиса Хуанмен болған. АҚШ билігі оны Қытай барлау қызметімен байланыстырған.

Арада 11 күн өткен соң директорлар кеңесі Дженсен Хуангты қызметіне қайта тағайындады.

Еске салсақ, NVIDIA басшысы Қазақстанға алғаш рет келіп, 1998 жылғы видеокартаға қолтаңбасын қалдырған болатын.

Сондай-ақ, Президент NVIDIA компаниясының президенті Дженсен Хуангпен кездесті. Тоқаев NVIDIA компаниясының басшысына Ақордадағы нәтижелі кездесу үшін алғыс айтты.

Тағы оқи отырыңыз:

Тоқаев, Трамп және Си Цзиньпин Дженсен Хуанг Nvidia-ға оралғанға дейін қолдап пікір білдірді

Қазақстан Physical AI әлемдік хабына айнала ала ма? NVIDIA басшысы ұсынысын айтты

Қазақстанда NVIDIA компаниясының физикалық жасанды интеллект жөніндегі өңірлік орталығын құру ұсынылды

Наверх