Ақмола облысында жүргізуші әйелін көлігімен қағып өлтірді

25 Қараша 2026, 17:00
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві 25 Қараша 2026, 17:00
25 Қараша 2026, 17:00
166
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Ақмола облысында мас ер адам өз әйелін көлікпен қағып, мерт қылды. Әйелдің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысы полиция департаменті BAQ.KZ редакциясының сауалына осы оқиғаға қатысты жауап жолдады.

Полицияның мәліметінше, аталған істі Аршалы аудандық полиция бөлімі тергеп жатыр.

«Аршалы аудандық полиция бөлімі Аршалы кенті тұрғынының қаза болу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде. Алдын ала анықталғандай, марқұмның күйеуі мас күйінде ВАЗ-2114 автокөлігін басқарып келе жатып, әйелді қағып кеткен. Соның салдарынан әйел көз жұмды. Жүргізуші ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», – деп хабарлады ведомстводан.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда танысын өлтіріп, мәйітін жертөлеге жасырған күдікті ұсталды. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Шымкентте жанжал кезінде ер адамды пышақтап өлтірген әйелге үкім шықты

Балқаштағы кісі өлімімен аяқталған төбелес: Үш адам сотталды

Астанада 26 жастағы жігіт көз жұмды: Бейнебақылау камералары тексеріліп жатыр

 

Наверх