Тоқаев NVIDIA компаниясының басшысына Ақордадағы нәтижелі кездесу үшін алғыс айтты

Дженсен Хуанг Қазақстанды жасанды интеллектіні дамыту орталығына айналдыру бастамасын қолдап, елді әлемдік Physical AI хабына айналдыруды ұсынды.

 Ақорда 24 Қазан 2026, 16:49
24 Қазан 2026, 16:49
96
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясының негізін қалаушылардың бірі әрі президенті Дженсен Хуангтың идеялары мен кеңестері Қазақстан үшін үлкен практикалық маңызға ие екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы өзімен бір күн бұрын кездескен Дженсен Хуангқа алғыс білдірді.

Дженсен Хуангқа Ақордада өткен нәтижелі кездесу мен Қазақстан экономикасында, әсіресе ауыл шаруашылығында жасанды интеллектіні дамыту және іс жүзінде қолдану мәселелеріне арналған талқылаулар үшін алғыс айтамын. Сіздің идеяларыңыз бен кеңестеріңіздің біз үшін практикалық маңызы зор, – деп жазды Мемлекет басшысы X әлеуметтік желісінде.

Ақордадағы кездесу барысында NVIDIA басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа индустриялық революцияның басталу кезеңінде Қазақстанды жасанды интеллектіні дамытуға және оны кеңінен енгізуге бағдарланған елге, яғни AI-нацияға айналдыру жөніндегі стратегиялық мақсатын жоғары бағалады.

Сонымен қатар Дженсен Хуанг Қазақстанды әлемдік Physical AI хабына айналдыруды ұсынды.

Наверх