Әлеуметтік жәрдемақылар жойыла ма? Министрлік тараған ақпаратты жоққа шығарды

25 Қараша 2026, 13:10
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 25 Қараша 2026, 13:10
25 Қараша 2026, 13:10
92
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік жәрдемақыларды алып тастау, олардың мөлшерін қысқарту және азаматтарды мемлекеттік қолдаудан айыру туралы интернетте тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, 2027 жылдан бастап республикалық бюджеттен төленетін 36 жәрдемақының 12-сін тағайындауда отбасының материалдық жағдайын ескеру көзделіп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қандай жәрдемақылар сақталады?

Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік жәрдемақылар отбасының материалдық жағдайына қарамастан сақталады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер де отбасының материалдық жағдайына қарамастан толық көлемде беріледі. Олардың қатарында жүктілік пен босануға, сондай-ақ бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төлемдер бар.

2027 жылы не өзгереді?

Министрлік республикалық бюджеттен төленетін 36 жәрдемақының 12-сіне қатысты атаулы тәсіл қолдануды көздеп отыр. Бұл жәрдемақыларды тағайындау кезінде отбасының материалдық жағдайы ескеріледі. Ведомство өзгерістер мемлекеттік қолдаудың жекелеген түрлерін ұсыну тәртібін жетілдіруге бағытталғанын айтты.

Министрлік азаматтарды ведомствоның ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырды.

Наверх